Tarım ve Gıda Gazetesi

SON DAKİKA

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысты

22 Temmuz 2022 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысты

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысты

2022 жылғы

Қырғыз Республикасы, Шолпан-Ата қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесулердің халықаралық саясаттың маңызды факторына айналғанын атап өтіп, оның мемлекеттер басшыларына аймақтың одан әрі даму бағытын өзара сенімге негізделген рухта айқындауға мүмкіндік беретініне тоқталды. Оның айтуынша, құбылмалы геосаяси және әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында өткен кездесу Орталық Азия елдерінің ынтымағы берік екенін көрсетеді. Сондай-ақ жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп қарсы тұруға деген ортақ ұмтылысымызды білдіреді.

– Біздің қатынастарымыздың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы бүгін қабылданатын шартта бекітілген. Бұл құжат мазмұны мен тарихи перспективасы тұрғысынан бірегей саналады. Оған елдеріміз арасындағы мемлекетаралық дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында қол қойылуының символдық мәні бар. Бұл тарихи құжат бесжақты стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіреді, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Қауіпсіздік және дипломатия саласындағы өзара іс-қимылдарды нығайту күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде аталды. Президенттің айтуынша, Орталық Азия орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың, жан-жақты ынтымақтастықтың, бейбітшілік пен өркендеудің кең аймағына айналуға тиіс.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мемлекеттер басшылары өңірдегі әлі де сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою үшін барлық мүмкіндікті жасауы керек.

– Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір мылтық даусының жаңғырығы екі елге ғана емес, бүкіл өңірге жағымсыз әсер етеді. Керісінше, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттеріміз қайшылықтарды еңсеру ісінде өркениеттіліктің, жауаптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс. Шекараны заңды түрде рәсімдеу үдерісінің өте күрделі әрі қиын екенін өз тәжірибемізден білеміз. Даулы мәселелер шынайы тату көршілік пен халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына құрмет көрсету арқылы тек қана бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Бұның басқа жолы жоқ, – деді Президент.

Оның айтуынша, Қазақстан посткеңестік кеңістікте өзінің шекарасын толық делимитация жасаған жалғыз мемлекет ретінде өзара тиімді шешімдер іздестіруге барынша көмектесуге дайын.

Мемлекет басшысы көпжақты ықпалдастықтың берік экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала беретініне назар аударды.

– Соңғы 5 жылда Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 миллиард долларға жетті. Өзара сауда-саттықты кеңейту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін ескере отырып, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға дейін жеткізуге ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті экономикалық әлеуетті және тиімді географиялық орналасудың артықшылығын толық пайдалану үшін құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерді жоюды көздейтін өзара тығыз ықпалдастықты жолға қоюдың маңызды екеніне назар аударды.

 

Мемлекет басшысы аймақтың транспорттық байланысын арттыру және транзит шарттарын біртіндеп жақсарту қажет деп санайды. Сондай-ақ Президент ғылым және білім саласындағы ықпалдастықты кеңейтуге шақырды.

– Бүгінгі Саммиттің қорытындысы Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу үшін аймақтық кооперацияны дамытудың жаңа кезеңі болады деп санаймын. Қазақта «Татулық – таусылмас бақыт» деген даналық бар. Уақыт сынына төтеп берген тығыз әрі сенімді қарым-қатынасымыз, ортақ тарихи және рухани тамырымыз елдеріміз арасындағы достығымыздың сарқылмас көзі болатынына сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Консультативтік кездесуде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған «Жасыл күн тәртібі» аймақтық бағдарламасы қабылданды.

Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісілді және оған қол қою рәсімі басталды.

Сонымен қатар Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешімге қол қойылды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-ortalyk-aziya-memleketteri-basshylarynyn-konsultativtik-kezdesuine-katysty-2163915

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.

İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ