Tarım ve Gıda Gazetesi

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы Қырғызстанның және Өзбекстанның президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

07 Haziran 2022 |
Мемлекет басшысы Қырғызстанның және Өзбекстанның президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

 

 

 

Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қырғызстанның және Өзбекстанның президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Resim
2022 жылғы 06 маусым
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанға жылы лебізін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтағаны үшін және Қырғызстан бақылаушыларының референдумға белсенді қатысқанына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру үдерісінде бауырлас Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Тараптар жақында Бішкекте өткен келіссөздердің нәтижесі қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының жоғары деңгейін нақтылағанын және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің көкжиегін кеңейте түскенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Resim

Өзбек тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, конституциялық реформалар еліміздің саяси және экономикалық тыныс-тіршілігін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Өзбекстаннан келген өкілетті делегацияның референдум барысын бақылауға қатысқанын жеткізді.

Екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің және одақтастықтың дәйекті түрде дамып келе жатқанына көңілдері толатынын айтты. Бұған белсенді саяси диалогтың жоғары деңгейі мен екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмысы ықпал етеді. Екіжақты тауар айналымының көлемі қарқынды түрде ұлғайып келеді. Атап айтқанда, оның көрсеткіші бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 30 пайызға артып, 1 миллиард доллардан асқан.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kyrgyzstannyn-zhane-ozbekstannyn-prezidentterimen-telefon-arkyly-soylesti-652548

 

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.

İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ